Қытайдағы қандастар киіз үй тігуден жарыс өткізді

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қытайдағы қандастар қазақтың ұлттық қолөнерін ұлықтауға бағытталған елеулі шара өткізді.

Қытайдағы қандастар киіз үй тігуден жарыс өткізді

«Кенішті Көктоғайда жалғасқан ұлттық дәстүр» атты көрме-байқау Қытайдағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында ұйымдастырылды. Бұл жөнінде Халық торабы сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көктоғай ауданында аудандық ақындар айтысына орайластырып ұйымдастырылған «Кенішті Көктоғайда жалғасқан ұлттық дәстүр» атты көрмеде кесте тігу, жүн шүйкелеп жіп иіру, ши тоқып өрнек салу, ою-өрнек сызу және өрімшілік сайыстары қоса өткізілді. Аталған сайыстар бойынша әр ауыл, қалашықтардан 60-қа жуық қолөнерші қатысқан. Бұған қоса киіз үй тігу және оны жығу, түйеге жүк артудан да жарыстар ұйымдастырылған. Көрмеге қатысушылар қазақы ас әзірлеу және тамақтану әдебі сияқты сайыстарға да қатысқан. Қолөнершілер жиынында ағаштан түйін түйетін және ұлттық киім-кешек тігетін шеберлерді анықтау да қамтылған.