Қытайдағы қандастарымыз «Ақ қардағы - ақ махаббат» қар-мұз саяхат мерекесін өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шынжаңның Іле Қазақ автономиялы өлкесіне қарасты Моңғолкүре ауданында «Ақ қардағы - ақ махаббат» және «Соғым мәдениеті» атты қар-мұз саяхат мерекесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайдағы қандастарымыз «Ақ қардағы - ақ махаббат» қар-мұз саяхат мерекесін өткізді

null null null
Қытайдың «Тәңір тау» порталының мәліметіне қарағанда, шараның басты мақсаты - «Келін түсіру» және «Соғым сою» секілді ұлтымыздың асыл мұрасын, салт-дәстүрін жаңғыртып, бүгінгі ұрпаққа дәріптеу.

null 

«Бұл шарада ұлтымыздың асыл мұрасының бірегейі - келін түсіру дәстүрін бағзы заманның баянды тіршілігімен сабақтастыра отырып, үзілмей келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды бүгінгі ұрпаққа дәріптеу мақсат етілген. Келінді шығарудың алдында атқа қонған жігіттер қазақ үйдің керегесін түріп тастап, аужар, жар-жар айтса, киіз үйдің ішіндегі жас келіндер мен қыздар жыр тілімен әдемілеп сыңсыма айтып, бүкіл елдің көңіл-күйін толқытты. Ата-әже және бауыр туыстарымен көрістіріп, қоштасу салты аяқталғаннан кейін, жездесі қызды қолтықтап, атқа қондырды. Әдемі киінген қыз-келіншектер, апалар шанаға отырып, қарлы далада қыз көшімен жарасым тапты. Келін түскен жерде шашу шашылып, келіннің беті ашылды. Босағада жеңгелері отпен майды даярлап тұрып, келінге отқа май салғызып, түтін шығарды. Мұндағы мақсат ежелгі көшпенділерден келе жатқан, «Бұл әулетке келін майдай сіңіп, жайлы, ибалы болсын» деген танымын білдірсе, отпен майдың қосылып жануын «махаббаттары оттай ыстық, түтіндері түзу ұшсын» деген ырым еді», - деп жазады «Тәңір тау» сайты.


nullnullnull

 

Шарай аясында, қазақ халқының  қонақ күтуі, соғым сою, жіліктеу және қонақтардың жас ерекшелігіне, дәрежесіне қарай сыбаға тарту секілді әдет-ғұрыптары көрсетілген.

nullnullnull