Қытайдағы қандастарымыз қазақ тілінде кино қосымшасын шығарды
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдағы қандастарымыз 20 мың сағаттық қазақ тіліндегі кино қоры бар «Bawrsak tv» ұлттық қосымшасын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шынжаң радио телевизия торабы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Қазақстандық iD TV - цифрлік теледидардың қытайлық нұсқасы) Қазақ бөлімінің басшысы Ұлнұр Нәбижанқызының айтуына қарағанда, қосымшаны пайдаланушылар саны миллионнан асып, қазақша телеарна бағдарламалары, қазақ тіліне аударылып дубляж жасалған шетелдік кинофильмдер мен сериалдар, сондай-ақ, «Қазақстан жұлдыздары» айдарымен ақындар айтысы видеолары жүктелген екен.
«Bawrsak tv» алғаш рет 2012 жылы бастап қолданысқа енген. 5 жыл уақыттың ішінде 30 аударма дубляж студияларымен селбестік жасап отырған жұмыс тобы қосымшадағы қазақша мазмұнды 20 мың сағатқа дейін жеткізген.
Баурсақ қосымшасындағы қазақша видеоларды қазақстандықтардың да телефондары арқылы көруге мүмкіндіктері бар. Қосымшаны телефонның Android және iOS жүйелеріне жүктеуге болады.