Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайдағы кәсіпорында болған жарылыстан үш адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ляонин өлкесі (Солтүстік Шығыс Қытай) орналасқан кәсіпорында болған жарылыстан үш адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды. Бұл туралы Орталық қытай телеарнасы хабарлады.

Қытайдағы кәсіпорында болған жарылыстан үш адам қаза тапты

Келеңсіз жағдай 21 ақпан күні кешқұрым жарылғыш заттар сататын компанияның ғимаратында болды.
Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Зардап шегушілердің  нақты саны анықталуда, себеп-салдарын тергеу басталды.