Қытайдағы қазақ боксшысы екі нұсқа бойынша Азия чемпионы атанды
10 раундқа созылған жекпе-жекте Бейсен жапондық қарсыласы Тайшо Озауаны айқын басымдықпен (98:91,98:91,98:91) тізе бүктіріп, WBA және WBC нұсқасы бойынша Азия чемпионы титулын (WBA International super lightweight title,WBC Asian Boxing Council Continental super lightweight title) иеленді.
Сол күні қытайдың «Тянь-Шань барысы» атанып жүрген аса жеңіл салмақтағы (52,1 келі - 115 фунт) қазақ боксшы Ұлан Төлеуғазы (5-3-0, 1КО) индонезиялық Нойлди Манаканемен (32-22-2, 18КО) 10 раунд бойы жұдырықтасып, төрешілер шешімімен (98:91,98:91,99:90) жеңді. Осылайша, Ұлан 55,3 келідегі (122 фунт) WBA нұсқа бойынша Азия чемпионы атағын жеңіп алды.
Айта кетейік, қытайлық жанкүйерлер Головкиннің ізбасары деп, «OneG» атап кеткен Бейсенбі кәсіби рингте жалпы 12 кездесу өткізіп, 11 айқаста жеңіске жеткен (5 нокаут) және біреуінде тең түскен. Қандасымыз 2015 жылы - 7, 2016 жылы 5 кездесу өткізіп, WBC нұсқасы бойынша бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы (WBC World Youth Champion) және WBA бойынша Қытай чемпионы атанған болатын.