Қытайдағы қазақ боксшысын Головкинге ұқсататындар көбейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы қазақ боксшысын Головкинге ұқсататындар көбейді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Boxingmonthly.comсайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған дейін қазақстандық даңықты кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге ұқсайтын және ұқсағысы келетіндер еліміз де, көршілес Ресейден де табылған болатын. Енді әлемдік БАҚ Қытайда тұратын қандасымыз Бейсенбі Нәсиоллаұлын Головкиннен аумайды деп таныстырып жатыр.
Нәсиоллаұлы Қанат Ислам туған Қытайдың Алтай аймағы Қаба ауданында 1994 жылы дүниеге келген. Ол бүгінгі таңда бірден кәсіпқой бокста бағын сынап, (11-0-1) жартылай орташа салмақта Филиппин, Тайланд, Қытай елдерінің саңлақтарын сан соқтырып, жанкүйерлердің назарын өзіне аудара бастады.
Boxingmonthly.com сайты қазақ боксшысының Геннадий Головкинмен бірге түскен суреттерін жариялап, оның болашағы зор боксшы екенін жазады.

