Қытайдағы қазақ диаспорасының өкілдері: Біз Қазақстанның жетістіктерін мақтан етеміз (ФОТО)

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай Орталық ұлттар университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің профессоры Еркін Ауғали Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін мерекелеу кезінде қазақстандықтарға өз тілегін білдірді.

Қытайдағы қазақ диаспорасының өкілдері: Біз Қазақстанның жетістіктерін мақтан етеміз (ФОТО)

«Біз, Қытайдағы отандастар, Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің Тәуелсіздік күніне байланысты ұйымдастырған қабылдауына қатысып отырмыз. Біз Қазақстанның өткен 24 жылдағы жетістіктеріне қуанып, оларды мақтан етеміз. Қазақ елі Орталық Азия көшбасшысы атанып, көптеген жоспарлап іске асырылуда. Бұрын көптеген қытайлықтар Қазақстан туралы біле бермейтін, ал қазіргі уақытта ҚР туралы хабары жоқ Қытай азаматтары аз», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне дипломатиялық қабылдау кезінде.

Профессордың айтуынша, екіжақты қатынастарда Қазақстанның Қытай тұрғындарын ҚР-дың мәдениеті және тарихымен таныстыру бойынша қызметі үлкен рөл ойнайды. «Бұл Қазақстан мен Аспанасты елінің жақсы түсіністігіне септігін тигізіп, ҚР-дағы тәуелсіздік, экономикалық өсім және әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың жарқын көрсеткіші және нәтижесі болып табылады», - деп атап өтті ол.

Еркін Ауғали қазақстандықтарға денсаулық, бейбітшілік және елдің гүлденуін тіледі.