«Қытайдағы қазақ спортшылар» атты кітап жарық көрді

Іс-шараға белгілі спорт журналисі, жазушы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіп Жүнісбаев, ҚР Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік бас жаттықтырушысы, Рамазан Сәттібай және басқада ақын жазушылар қатысты.
Аталған кітапқа Қытайдағы қазақтар арасынан шығып, әртүрлі спорт түрлерінен биік белестерді бағындырған 80-нен астам спортшы туралы мәліметтер топтастырылған. Автордың айтуынша, бұл оның алғашқы бастамасы, алдағы уақытта бұл жұмыстың ауқымын кеңейтіп, 2017 жылғы ЭКСПО қарсаңында басқа да шет елдердегі табысқа жеткен, еңбегі елеулі қазақ спортшылары туралы кітап жазып, оқырман қауымға сыйламақ.
Дәурен Бақытхажыұлы 1989 жылы ҚХР Тарбағатай аймағында туған. «Он сегіз», «Махаббат шыңы» жыр жинақтары, «Елім деп туған елтоқ» атты тарихи кітаптары жарық көрген. 2016 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан, Моңғолия және Қытай мемлекеттерінің 100 ақынының өлеңдері топтастырылған «Жүректер жырлайды» антологиясына өлеңдері енген. ШҰАР қазақ тіл-мәдениет қоғамының, Шыңжаң әдебиет және көркемөнершілер бірлестігінің мүшесі.
Ризабек Нүсіпбек