Қытайдағы кеме апатынан құрбан болғандардың саны 430 адамнан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Қытайда батып кеткен «Шығыс жұлдызы» круиздік кемеде болған 431 жолаушының мүрдесін анықтады. Тағы 11 адам із-түссіз жоғалған деп есептелуде.

Қытайдағы кеме апатынан құрбан болғандардың саны 430 адамнан асты

Апат кезінде кемеде 456 адам болған еді. Олардың ішінде н небәрі 14 адамды құтқару мүмкін болған, деп жазады ВВС.

Қытайдың билік көздері қаза тапқандардың отбасылары үшін қолдан келетіннің барлығын жасап отырғанына сендіруде, атап айтқанда, олар үшін тегін тұру мен медициналық көмек көрсету орындары ұйымдастырылған. Сондай-ақ билік көздерінің хабарлауынша, кейбір мүрделердің тұлғаларын анықтау үшін ДНК-зерттеуін өткізу қажет болып отыр.

Туристік кеме Нанкиннен Чунцинге келе жатқан, онда болған барлық жолаушылар - Қытай азаматтары, бұл негізінен гидроэлектрстансалар кешені салынған Үш шатқал ауданына бара жатқан 50 мен 80 жас аралығындағы зейнеткерлер еді.

Алдын ала болжам бойынша, кеме кенеттен соққан дауыл салдарынан орын алды.