Қытайдағы көмір шахтасында болған апат бес адамның өмірін қиып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аньхой провинциясындағы жер астындағы алапат су ағыны салдарынан бес адам қаза тапты, тағы екеуі із-түзсіз жоғалған деп есептелуде, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Қытайдағы көмір шахтасында болған апат бес адамның өмірін қиып кетті

Оқиға Сучжоу қаласындағы Юнцяо ауданында "Хуайбэй" тау-кен өндірісі компаниясының иелігіндегі "Чжусяньчжуан" көмір шахтасында орын алған. Апат кезінде жер астында 34 кенші болған. Солардың 27-сі сыртқа шыға алды, ал қалған жетеуі жер астында қалған.

Сенбі күні таңғы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша құтқарушылар бес адамның мүрдесін тапты, жер астында қалып қойған тағы екі адам іздестірілуде. Апат себептері анықталуда.