Қытайдағы көмір шахтасында болған өрттен 24 адам қаза болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең ерте Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында Фусинь кен өндіруші концерніне жататын «Хэнда» кен өндіруші компаниясының шахтасында болған өрттен 24 адам қаза тауып, 52-сі жарақаттанды.
None
None

Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Белгілі болғандай, 26 қараша күні «Хэнда» компаниясына жақын жердегі кеніште сағат 1:31 кезінде магнитудасы 1,6 болған жер сілкінісі орын алды. Оның артынша компанияның жер асты штрегінде апат болды. Алдын ала зерттеу мәліметтері бойынша, көмір тұтанған. Апат салдарынан 89 жұмысшының 24-і ажал құшып, 52-сі жарақаттанды.

Қазір оқиға орнында жедел құтқару шарасы аяқталды. Жарақаттанғандар ауруханаға жеткізілді. Компанияның барлық шахталарында жұмыс тоқтатылды, қауіпсіздікті тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар