Қытайдағы көмір шахтасында болған жарылыстан көз жұмғандар саны 33 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-батысындағы көмір шахтасында болған жарылыстан 33 кенші мерт болды, іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды CCTV телеарнасы.
РИА Новостидің жазуынша, алғашында 15 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Оқиға дүйсенбі күні жергілікті уақытпен таңғы 11:30-да Чунцин муниципалитеті Лайсу қаласындағы жеке көмір шахтасында болған. Жарылыс кезінде жер астында 35 адам болған, оның екеуі жер үстіне шықты. «Жарылыс болған Чунцин көмір шахтасындағы іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды. Барлық 33 кеншінің денесі шахтадан көтерілді», - делінген телеарна хабарламасында.