Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайдағы көшкін салдарынан қаза тапқандардың саны 23 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Қытайдың оңтүстік-батыс Гуйчжоу провинциясындағы жұма күнгі көшкін салдарынан қаза тапқан тағы үш адамның мәйітін тапты. Жексенбі күні Синьхуа агенттігі хабарлағандай, ажал құшқандардың жалпы саны 23 адамға жетті, деп жазды ТАСС.

Қытайдағы көшкін салдарынан қаза тапқандардың саны 23 адамға жетті

Өңірдің батысында Бицзе қалалық округінің Дафан уезінде көшкін болды.  

Оқиға орнында 800-ге жуық құтқарушы мен әскери жұмыс істеді.

30 жергілікті тұрғын үйінді астында қалды. Жетеуі құтқарылды. Қазір іздеу шаралары тоқтатылды.