Қытайдағы лай көшкініне өндірістік қалдық себеп болған

Мұнда да қауіпсіздік техникаларына салғырт қарайды. Яғни шаһардағы заңсыз қоқыс алаңында құрылыс қалдықтары дұрыс сақталмаған. Естеріңізде болса, 20 желтоқсанда Шэньчжэнь қаласында лай көшкіні жүріп, 4 адам ажал құшқан еді. 900 тұрғын үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшірілді. Ізім-ғайым жоғалып кеткен 70-ке жуық адам әлі табылған жоқ. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 5 мыңнан астам маман қатысуда.
«Біз тергеу тобымен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Қорытындылар дайын болғаннан кейін айыптылардың барлығы заңға сәйкес жазасын алады. Бұл қайғылы оқиға бәрімізге сабақ болды. Шэньчжэнь қаласының әкімшілігі атынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, халықтан кешірім сұраймын», - деді Қытай коммунистік партиясы қалалық комитетінің хатшысы Ма Синжуй. Фото: www.vseneprostotak.ru