Қытайдағы лай көшкінінен 22 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гуйчжоу провинциясындағы (Қытайдың оңтүстік-батысы) лай көшкінінен 22 адам қаза тауып, тағы осынша адам жарақаттанды. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, 1 адам із-түссіз жоғалғандардың қатарында, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
None
None

Көшкін өткен жұмада Фуцюань қалалық округінің бір ауылында басталған. Жергілікті биліктің мәліметінше, зардап шеккендердің барлығы ауруханаларға жеткізілген. Ал көшкін болған жердің тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Іздестіру-құтқару шаралары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар