13:21, 29 Наурыз 2016 | GMT +5
Қытайдағы лицензиялық турнир: Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Цзиньянь қаласында Риодағы Олимпиадаға іріктеудің лицензиялық жарысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық Абылайхан Жүсіпов (64 келіге дейін) ширек финалда Австралия спортшысы Дэвид Биддлды 3:0 (30:25, 30:26, 30:27) есебімен ұтып, жартылай финалға өтті, онда біздің спортшымыз тайбэйлық Хун-Мин Пан мен Қытай спортшысы Цзянсун Ху арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.