Қытайдағы мектепте болған кептелістен екі адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Хэнань провинциясындағы бастауыш мектепте адам кептелісі салдарынан екі адам қаза тауып, 20 адам зардап шекті, деп хабарлады RT.
«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Хэнань провинциясы, Пуян уезінің бастауыш мектебінде, балалар жапа-тармағай дәретханаға бармаққа ұмтылғанда болған.
Зардап шеккен оқушылар ауруханаға жеткізілді, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бұған дейін Анголадағы футбол стадионында адам кептелісінен 17 адамның бақилық болғаны хабарланған еді.