00:27, 04 Маусым 2014 | GMT +5
Қытайдағы шахтада болған апат 22 адамның өмірін қиып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда көмір шахтасында болған апат салдарынан кемінде 22 адам қаза тапты, деп хабарлады Би-би-си.
Елдің оңтүстік батысындағы қайғылы оқиғаның жай-жапсары туралы толықтай ақпарат жоқ. Тек жергілікті БАҚ-тарда апат газдың сыртқа жайылуынан орын алды деген болжамдар айтылуда.
Өткен жылы Қытайдағы шахталарда болған келеңсіз жағдайлардың салдарынан мыңнан астам кенші ажал құшты.