Қытайдағы теплоход апаты құрбандарының саны 431-ге жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбіде Цзяньли (орталық қытайлық Хубэй провинциясы) уезінде Янцзы өзеніне батып кеткен "Дунфанчжисин" (Шығыс Жұлдызы) теплоходы апаты құрбандарының саны 431 адамға жетті.
Он бір адам хабар-ошарсыз кеткендер санатында. Тірі қалғандар саны - 14.
Бүгін таңертең су бетіне шығарылған теплоходта қаза тапқандардың туысқандары мен құтқарушылар қатысқан еске алу рәсімі өтті. Құрбандардың ішінде үш жасар қыз бар, - делінген қытайлық БАҚ хабарламасында. Негізінен қаза болғандар қытайдың ірі өзенінің сұлулығын тамашалуға келген - 50-80 жастағы егде адамдар. Олардың барлығы - ҚХР азаматтары.
Кемені жұма күні кешке жүзетін кран көмегімен жоғары көтерген болатын.