Қытайдағы тігін фабрикасында шыққан өрт салдарынан 6 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың орталық бөлігіндегі Хэнань провинциясында тігін фабрикасында шыққан өрт салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлады «Синьхуа».
От алты қабатты өнеркәсіптік ғимаратта шығып, фабрикаға көшкен.
Жалын салдарын жоюға 140 адам және 26 бірлік техника қатысты. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.