16:59, 01 Қазан 2015 | GMT +5
Қытайдағы Ұлттық мерекеге орай демалыс күндері пойыздар 100 млн. астам жолаушы тасымалдайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай теміржол корпорациясының хабарлауынша, сәрсенбіде ел темір жолдарындағы жолаушылар ағыны бір ретте 1,6 млн. адамды құрайды, жеті демалыс күнінің ішінде Ұлттық мерекенің (1 қазан) құрметіне теміржол көлігімен 100 млн. астам жолаушы жүреді, яғни 10 пайыздан астам өсім күтіліп отыр.
Бұл туралы Синьхуа хабарлады.
Жолаушыларды темір жол арқылы тасымалдаудың қарбалас кезі 1 қазанға тұс келетіні күтіліп отыр. Онда жолаушылар ағыны бір ретте 13,3 млн. адамды құрамақ, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,57 млн. адамға көп, немесе 13,4 пайыз асады.
Жолаушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін теміржол басқармалары көліктік қуаттылықты арттыруды көздеп отыр.