Қытайдағы жаңа зауыт жылына 300 мың экологиялық таза автокөлік шығармақ

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР-ның Хэбэй солтүстік-шығыс провинциясында автомобильдер энергияның экологиялық таза көздерінен шығарыла бастайды, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігінен.
None
None

Синтай уезінде орналасқан энергияның баламалы көздерінен электромобильдер мен көлік құралдарын шығару бойынша Хунсин зауытының максималды жобалық қуаттылығы жылына 300 мың бірлікті құрайды. Алғашқы жылы кем дегенде 10 мың көлікті шығарып, сату шамаланып отыр. Жобаны іске асыруға 3 млрд. юань (490 млн. доллар) қаржыны бөлу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Хэбэй провинциясы, атап айтқанда Синтай уезі Қытайдың экологиялық жағынан ең нашар аймағы болып табылады. Аумағы бойынша Бейжің қаласы мен орталық бағыныстағы Тяньцзинь қаласын қамтиды. Үкімет темір, болат, шыны және цемент өндірісі басым провинция экономикасын қайта құрылымдау бойынша шаралар қолдануда.

Соңғы жаңалықтар