Қытайдағы жарылыс: 19 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Сычуань провинциясындағы химиялық кәсіпорында болған жарылысқа байланысты бірнеше күдікті ұсталды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. Қытайдың Сычуань провинциясындағы өндіріс парктерінің бірінде жарылыс болып, арты өртке ұласты. Оқыс оқиға салдарынан 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға Ибинь қаласының Цзянъань уезіндегі өндіріс аймағында, бейсенбі күні 18:30-да болған. Жарылыс салдарынан 19 адам қаза тауып, тағы 12 адам жарақат алған. Осы апатқа байланысты күдікті бірнеше адам ұсталды.
Жергілікті билік бүгін таңертең жарылыс салдарынан тұтанған өрт сөндірілгенін мәлімдеді. Олардың ақпаратына сенсек, зардап шеккен 12 адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқиғаның егжей-тегжейі тексеріліп жатыр.