15:21, 02 Тамыз 2017 | GMT +5
Қытайдағы жарылыс: Бірнеше адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Чунцин қаласындағы вокзалда жүк пойызы вагонында жарылыс болып, салдарынан жеті адам зардап шекті.

Бұл туралы Цяньцзян ауданының полициясы хабарлады.
Зардап шеккендердің ішінде платформада пойыз күтіп тұрған бірнеше жолаушы және вокзал қызметкерлері бар, олар ауруханаға жеткізілді.
Оқиға сәрсенбіге қараған түні жергілікті уақыт бойынша 2.20-да болды. Тауар пойызы Хуайхуа қаласынан Чунцин вокзалына келген. Жарылыс түрлі жүк тасымалдайтын құрамның бесінші вагонында орын алды.
Әзірге оқыс оқиғаның себебі анықталған жоқ.
Фото Globallook.com