Қытайдағы жарылыс: Сақтандыру төлемдері 1,5 млрд долларға жетуі ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Тяньцзинь қаласының портында орын алған бірнеше жарылыстың сақтандыру шығындары бір жарым миллиард долларға жетуі мүмкін.

Қытайдағы жарылыс: Сақтандыру төлемдері 1,5 млрд долларға жетуі ықтимал

Қытайлық БАҚ хабарламаларының негізінде жасалған швейцариялық Credit Suisse банк талдаушыларының бағалауынша, нақты соманы айтуға әлі ертерек. Тек бірнеше ірі сақтандыру компаниялары шығынның орнын толтыратыны анық, деп хабарлады дүйсенбі, 17 тамызда Reuters агенттігі.

Құтқару жұмыстарына үш мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сарапшылар жақын маңдағы өзендерде цианид нормадан 24 есе артқанын айтуда. Қытайлық БАҚ деректеріне сүйенсек, қойма үй-жайын жалға алушы компания портта қағидада рұқсат етілгенге қарағанда, 30 есе көп натрий цианидін сақтаған.

Апат себебі әзірге анықталған жоқ.