Қытайдағы жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 50 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тяньцзинь қаласындағы қауіпті заттар болған қоймадағы жарылыс салдарынан мерт болған және жапа шеккендердің саны артуда: қазір 50 адамның қаза тапқаны және 701 адамның жарақаттанғаны (олардың 71-нің жағдайы ауыр), тағы 21 із-түзсіз жоғалды деп есептелетіні белгілі.
None
None

РИА Новости хабарлағандай, сәрсенбі күні Биньхай ауданында Ruihai Logistics логистикалық компания қоймасында жергілікті уақытпен сағат 23.30 арасы 30 секундтай болатын екі жарылыс орын алған. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, оны тіпті жергілікті сейсмологиялық қызмет тіркеген. Олардың қуаттылығы тротил эквивалентінде 3 және 21 тоннаны құрады. Жарылыстан кейін өрт шықты. БАҚ мәліметтеріне қарағанда оның аумағы шамамен 20 мың шаршы метрді құрады. Төтенше жағдай себебі әзірге белгісіз, алайда БАҚ-тың хабарлауынша, оған Ruihai Logistics логистикалық компаниясының қауіпсіздік жүйесіндегі олқылықтар себеп болуы мүмкін. Оның бастығы ұсталды.

«Тяньцзиньдегі жарылыс құрбандарының саны 50 адамға жетті», - делінген Синьхуа агенттігінің хабарламасында. Осыған дейін агенттік билікке сілтеме жасап, кем дегенде 21 адам із-түзсіз жоғалды деп есептелетінін хабарлаған. Олардың ішінде өрт сөндірушілер де бар.

CCTV телеарнасының хабарлауынша, жапа шеккендердің көбі компания маңындағы үйлердің тұрғындары. Жапа шеккендердің ішінде оқиға орны маңында көлікте болғандар да бар.

Соңғы жаңалықтар
Референдум