Қытайдағы жарылыстың салдарынан 3,5 мыңнан астам адам далада түнеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Тяньцзиньға екі жарылыстан кейін химиялық мамандар командасын жіберді, деп хабарлайды Би-Би-Си.
None
None

Тяньцзиньде орын алған апаттан кейін 3,5 мыңнан астам адам далада түнеуге мәжбүр. Жарылыс салдарынан 55 адам қаза тапты, олардың ішінде 12 өрт сөндіруші бар. 700-ден астам адам түрлі жарақат алды.

2 шақырым қашықтықтағы үйлерде терезелері сынып, кеңсе ғимараттары бұзылды, мыңдаған көлік өртенді.

Соңғы жаңалықтар