Қытайдағы жекеменшік ауруханаларға онлайн диагностика жасауға тыйым салынды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР-ның Денсаулық және бала тууды жоспарлау істері бойынша мемлекеттік комитеті онлайн кеңес беру қызметтерін көрсететін жекеменшік ауруханаларға аталған жолмен диагноз шығаруға тыйым салды.

Қытайдағы жекеменшік ауруханаларға онлайн диагностика жасауға тыйым салынды

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, бұл шешімді қабылдауға жеке тексеруге қарағанда осындай қызметтерді медициналық білімі жоқ адамдар көрсете алуы болып тұр.

Ауруханалар мен дәрігерлердің арасындағы кеңестерге тыйым салынған жоқ. Қаңтар айында комитет Қытай халықтық-азат ету әскерінің Орталық әскери ауруханасы, Бейжіңдегі Қытай медицина ғылымдары академиясы мен қытай-жапон достығы ауруханасына елдегі жеткілікті түрде дамымаған бес аймақтың, соның ішінде Нинся-Хуэй автономдық ауданы мен Юньнань провинциясының пациенттеріне онлайн диагностика бойынша қызметтерді көрсетуге мүмкіндік беретін ілкі бағдарламаны іске қосты. Қызметтерді алу үшін пациенттер тіркелуі қажет.