10:16, 21 Сәуір 2013 | GMT +5
Қытайдағы жер сілкінісі 162 адамның өмірін қиып кетті
БЕЙЖІҢ. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік батысындағы Сычуань провинциясында болған аса қуатты жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 162 адамға дейін көбейді,
7 мыңға жуығы жарақатттанды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ-тар.
Магнитудасы 7, 0 болған жер сілкінісі Қытайдың оңтүстік батысындағы Сычуань провинциясында сенбі, 20 сәуірде тіркелді. Зілзала ошағы 13 шақырым тереңдікте, Яань қалалық округіне қарайтын Лушань уезі аумағында болған.
Апаттан зардап шеккен ауданда іздеу-құтқару жұмыстары жүруде, оған 6 мың әскери дәрігер тартылды. Сенбі күні үшін оқиға орнына Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян келді.