Қытайдағы жер сілкісінісінен опат болғандардың саны 22 адамға жетті
АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Қытайлық Ганьсу провинциясындағы жер сілкінісінің салдарынан қаза болғандар саны кем дегенде 22 адамға дейін, ал зардап шеккендер саны 300-ге дейін жетті,
деп хабарлайды жергілікті билік.
ВВС-дің жазуынша, соңғы ақпаратқа қарағанда Динси қаласының маңында 400-ге жуық ғимарат қираған және тағы 5 мыңнан астамына зақым келген.
Қытайлық Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісінің нәтижесінде бірқатар жер қабатының көшкіні орын алған.
Айта кетейік, 5,9 магнитудағы жер асты дүмпуі дүйсенбі күні таңертең тіркелді. Зілзала ошағының жердің жоғары қабатына жақын орналасқандықтан жер сілкінісі аса қуатты болып отыр.