Қытайдағы жойқын жарылыстың шығындары 400 млн доллардан асып кетуі мүмкін - Қазақстандық сақтандыру компаниясы (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 12 тамызда Қытайдың Тяньцзинь қаласында орын алған жойқын жарылыстың шығындары 400 млн доллардан асып кетуі мүмкін. Бұл туралы қазақстандық сақтандыру компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Тяньцзинь - Қытайдағы автомобильді импорттайтын ең ірі порттардың бірі. Бейжіңнен 96 шақырым қашықтықта орналасқан. 15 млн халқы бар.

Қазіргі таңда әлемдік сақтандыру компаниялары техногендік апаттың шығындарын есептеп жатыр. Әзірге шығын көлемі 400 млн АҚШ доллары көлемінде болуы мүмкін деген болжам бар.

Алдын-ала ақпар бойынша, қоймалардың бірінде ірі көлемдегі жарылғыш зат іске қосылып кеткен. Жарылыс қымбат маркалы автоконцерннің 4000 көлігін жарамсыз еткен. Олардың шығыны 50 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Жарылыс толқыны порт мүлкі мен теңіз жүктерін, жанып кеткен қоймалардағы мүліктерді жарамсыз етті. Келтірілген шығын көлемі $ 344 млн деп бағаланып отыр.

Бейресми ақпарат көздеріне сенсек, 50-ге тарта адам қаза болып, 700 адам ауыр жараланған. Қытайдың сейсмологиялық орталығы хабарлағандай, бірінші жарылыстың күші тротил эквивалентінде 3 тонна болса, екіншісінің күші 21 тонна болған.

Сақтандыру нарығында мұндай үлкен төлем 2011 жылдың 11 шілдесінде Кипрде болған апатқа төленген еді.

Сол кезде қазақстандық компания $3,6 млн көлемінде өтемақы төледі.

«Қазір біздің сақтандыру компаниясы толық есепті күтіп отыр. Біз өзімізге белгіленген міндеттемелерді толығымен өтейміз», - деді сақтандыру компаниясының өкілдері.

Айта кетейік, сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 23:30-да қаланың өнеркәсіп аймағында толқыны бірнеше шақырым жерде сезілген күшті жарылыс болды. Шамамен жарты минуттан соң екіншісі орын алған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум