Қытайдан 1,4 мың ұялы телефонды заңсыз өткізіп жіберген қазақстандық ұсталды

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық азамат контрабандалық жолмен Қытайдан 1409 ұялы телефонды шекарадан асырып, алып келген. Бұл туралы ҚР Қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қытайдан 1,4 мың ұялы телефонды заңсыз өткізіп жіберген қазақстандық ұсталды

Контрабандалық тауарлардың жалпы сомасы 12 млн. теңгені құрап отыр. Қаржы полициясының Алматы қаласы бойынша департаменті аталмыш азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің «экономикалық контрабанда» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Өзге ақпараттарды Қаржы полициясы жарияламауда.