Қытайдан 1 тоннадан астам дәрі-дәрмекті заңсыз өткізбек болған әйел ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің шығысындағы қазақ-қытай шекарасында орналасқан «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары қызмет барысында контрабандалық жүкті анықтады.

Қытайдан 1 тоннадан астам дәрі-дәрмекті заңсыз өткізбек болған әйел ұсталды

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жасы 32-дегі әйел адам бір тоннадан астам дәрі-дәрмекті елімізге заңсыз жолмен өткізуге әрекеттенгені үшін ұсталды.

Қазіргі уақытта ұсталған жүк бақылау-өткізу бекетінде. Ол бойынша Қылмыстық кодекстің 234-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.