Қытайдан 2,5 мың қымбат бағалы ұялы телефонды заңсыз алып кірмек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық-қытайлық шекарада орналасқан халықаралық сауда орталығының (Қорғас) шекара нарядының қырағылығының арқасында Қазақстан Республикасының 1964 жылы туған «Ахунджан» деген азаматы ұсталды.
None
None

Оның халықаралық сауда орталығынан мініп келе жатқан «Тойота» автомашинасын қарау кезінде, көлік салонынан жарияланбаған 2508 дана қымбат бағалы ұялы телефондар табылды.

Аталған іс ҚР ҚК 234 бабының 1-тармағы бойынша Ақпаратты тіркеу журналына тіркелді, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар