Қытайдан 208 келі заңсыз тауарды вагонға жасырып әкелмек болған азамат ұсталды - ҚР ҰҚК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан «Достық» бақылау-өткізу бекетінің теміржолдық бөлімшесінде «Үрімші - Алматы» поезын шекаралық бақылаудан өткізу барысында контрабандалық жолмен жүк өткізуге тырысқан қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Қытайдан 208 келі заңсыз тауарды вагонға жасырып әкелмек болған азамат ұсталды  - ҚР ҰҚК

Атап айтқанда, аталған азамат 13-вагонның үш бірдей купесінің жоғарғы және астыңғы сөрелеріне жасырған заттарының (киім-кешек, азық-түлік, автокөлік дөңгелектері т.б.) құжаттарын көрсете алмады. Жүктің жалпы салмағы 208 кг болып шықты.

Аталған дерек бойынша материалдар Достық станциясындағы көліктік прокуратураға тапсырылды.