11:03, 21 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Қытайдан 250 келі контрабандалық уылдырық алып өтпекші болғандар ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қытай шекарасында бір тәуліктің ішінде қара уылдырық пен тері бұйымын алып өтпек болғандардың жолы кесілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

«Қорғас» өткізу бекетінің жасағы қара уылдырық алып өтпек болған 26 жастағы қазақстандықты ұстады. Оны тексеру барысында жалпы салмағы 250 келі болатын жүк табылған. Ұсталған азамат Халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығынан Қазақстанға бара жатқан.
Сол күні 41 жастағы Қазақстан азаматшасы тері бұйымдарын -түлкі терісінен жасалған 6 ішікті алып өтіп бара жатып ұсталды. Ол да Халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығынан Отанына бет алған.
Барлық факті бойынша өзара әрекеттесуші органдардың өкілдеріне хабар берілді.