Қытайдан 40 ұялы телефонды заңсыз өткізбек болған әйел қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматшасы гаджеттерді киіміне жасырып, Қазақстан-Қытай шекарасынан өткізбек болғанда ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
None
None

«Қорғас» өткізу бекетінің жасағы ұялы телефондардың ірі партиясын заңсыз өткізбек болған 44 жастағы Қазақстан азаматшасын ұстады.

Ол Халықаралық шекаралық орталықтан Қазақстанға жаяу өтпек болған. Тексеру барысында одан 40 дана «Самсунг» маркалы ұялы телефон табылды.

Осы факті бойынша тиісті органдарға хабар берілді.

Соңғы жаңалықтар