Қытайдан әкелінген етте генетикалық заттар көп болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті «Дед Мороз» деп аталатын соя етінде генетикалық заттардың шамадан тыс екенін анықтады. Аталған тауардың өндірушісі -  «Зеленое село» ЖШС (Қытай), деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ресми ақпаратқа сәйкес, қытайлық өнімде генетикалық түрлендірілген сояның екі сандық құрамы артық болып шықты. Атап айтқанда,  MON 89788 8.45 процент болса, GTS 40-3-2 1.77 процент болып шықты. Ал халықаралық норма бойынша аталған көрсеткіш 0,9 проценттен аспауы тиіс. «Тамақ өнімі ҚХР Чапчал-сибо автономды уезінде өндірілген. Бұл ретте тұтыну қаптамасында көрсетілген өнімдерде гендік-түрлендірілген ингридиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ. Осылайша, Чапчал-сибо автономды уезі, Инань өнеркәсіптік паркі, Гасяньлу көшесі, өндіруші «Зеленое село» ЖШҚ-ның «Дед Мороз» жоғары сападағы соя етін анықтау және айналымнан алып тастау бойынша шаралар қабылдануда», - делінген ресми хабарламада.

Айта кеткен жөн, аталған өнім  Солтүстік Қазақстан облысының «Северный» супермаркетінде (Петропавл қаласы, Мир көшесі, 201) анықталды. Сонымен қатар, комитеттің барлық аумақтық органдарына аталған өнімді анықтау және айналымнан алып тастау үшін шаралар қабылдау бойынша тапсырма берілді.

 

Соңғы жаңалықтар