Қытайдан Қазақстанға ірі көлемдегі контрабанда үшін ресейлік бес жылға дейін сотталуы мүмкін
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында контрабандалық тауарлар жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастырған Ресей Федерациясының 1969 жылы туылған А. есімді азаматы белгілі болды»,-деді ол.
Атап айтқанда, ретке келтірілген кесте бойынша, тауарлар Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасы азаматтарының аттарына құрылған қазақстандық жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мекенжайларына әкелініп, олардың қызметін Ресей Федерациясының аталған азаматы бақылап отырған. Тауарлар Қазақстан аумағына төмендетілген кедендік құнмен және тасымалданатын тауарлар туралы дұрыс емес мәліметтер көрсетілген жалған құжаттар негізінде жеткізілген. Тасымалданған тауарлардың арасында автокөлік саймандары, мата, киім және өзге де заттар бар.
«Тауарлардың жалпы кедендік құны 1 млрд. теңгеге жуықтаса, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар сомасы (залал) - 318 млн. теңгені құрады. Бұл факті бойынша аталған азаматқа қатысты экономикалық контрабанда фактісімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209-бабының 2-бөлімінің «а,г,д»-тармақтары бойынша (бiрнеше рет, аса ірі мөлшерде, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) 3 қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде», - деді Е. Жұма.
Бұл азамат ұсталып, сот санкциясымен оған қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Күдікті бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.