Қытайдан келген ірі көлемдегі жалған дәрілік заттар тәркіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Француздық Гавр портының полициясы Қытайда даярланған жалған дәрі-дәрмектің Еуропалық одақ тарихындағы ең ірі көлемін тәркіледі. Оның арасында 2,5 млн. бума диарея, бас ауруы және эриктильдік дисфункция препараттары бар екен.
Барлық қолдан жасалған дәрілік заттар «шай» деген жазуы бар қораптарға салынған.
Гаврлық кеденшілердің сөзіне қарағанда, кейбір дәрілер денсаулыққа қауіп тудыратындай болған, себебі олардың құрамындағы күрделі қоспалардың мөлшері шамадан тыс деңгейде байқалған.
Дегенмен, препараттардың көбісі ешқандай да белсенді компоненттерді құрамаған және плацебодан (дәрілік күші жоқ) еш айырмашылығы болмай шықты, деп жазады ВВС.