Қытайдан жеткен жаңалық мұнай бағасына әсер етті
АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат - Қытайда несие-ақша саясатының қатайтылып, соның нәтижесінде отынға деген әлемдік сұраныстың төмендеу ықтималдығына қатысты туындаған алаңдаушылық мұнай бағасына әсер етті.
Сәрсенбі күні Нью-Йорк биржасында мұнай бағасы 77,1 доллар/баррельге дейін төмендеді, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Сағат 18.27-де Нью-Йоркта электрондық сауда-саттық барысында ақпан айында жеткізілетін мұнайдың бағасы 1,92 долларға немесе 2,4 пайызға арзандап, 77,1 доллар/баррельге дейін төмендеді. Сағат 18.38-де Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,75 долларға немесе 2,3 пайызға арзандап, 75,32 доллар/баррельге кеміді.
Ал сейсенбі күні Нью-Йорк биржасында Light Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстері 79,02 доллар/баррель деңгейде жабылып, баға 1,02 долларға өскен болатын.
Соңғы жылдары Қытайда отынға деген сұраныс мұнай бағасын 2008 жылдың жаз айында тіркелген ең жоғары көрсеткішке - 147 доллар/баррельге жеткізген бірден-бір фактор болып келді. Сондықтан да, Қытайдың ақша-несие саясатындағы өзгерістер елдегі отырған деген сұранысқа теріс әсер етуі ықтимал, дейді сарапшылар.