Қытайдың 700 миллионнан астам азаматы Көктем мерекесіне орай өз туған-туысқандарына сапарлап барады

БЕЙЖІҢ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - 26 қаңтардан бастап, Қытайдың 700 миллионнан астам азаматы Көктем мерекесін тойлауға арналған «алтын аптаның» басталуы қарсаңында өздерінің туған-туысқандарына кіріп шығады.

Қытайдың 700 миллионнан астам азаматы Көктем мерекесіне орай өз туған-туысқандарына сапарлап барады

Ресми билік өкілдері хабарлағандай, ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды мерекелеу күндері ел аумағында қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық тиісті шаралар қолға алынады.

Қытайдың көптеген аймақтарында болған аса ірі табиғат апаттарының салдарынан қаңтар айынан бастап елдің өңтүстік өңірлерінде көлік кептелістері пайда болды. Созылмалы аяздар темір жол мен жедел жылдамдық магистральдарында қалыпты қозғалысқа кедергі жасады.

ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрілігі суық ауа райының салдарынан туындаған проблемаларды шешуге қатысты қолдан келген барлық шараларды жасау туралы жергілікті басқарушы билік өкілдеріне талап қойды.