20:39, 18 Тамыз 2010 | GMT +5
Қытайдың алты жасар қызы миллионер атанды
АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат - Қытайда У Циньи есімді қыз ең бай акционер болды, деп хабарлады Синьхуа агенттігі. Қыздың байлығы бір миллион юаньнан астам ((154 мың доллардан астам)деп бағаларып отыр.

У Циньи бұл байлыққа 2009 жылы жол апатынан қаза болған әкесінің мұрагерлігі арқасында ие болды. Sunflower Light Energy Science & Technology Limited Liability Company компаниясының 62500 акциясы қызға беріліп, 1,05 миллион юаньды құрады.
Ол қытайлық миллионерлердің ең жас акция ұстаушысы атанды.