Қытайдың аз ұлттарды қолдау саясаты өзгермейді
БЕЙЖІҢ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Ризабек Нүсіпбек/ - Қытайдың ұлттық территориялық автономия түзіміне және аз ұлт оқушылары жоғары оқу орындарына мемлекеттік емтиханын тапсырғанда жасалатын жеңілдік пен балл қосу саясаты өзгермейді.
Бұл туралы жексенбі күні Бейжіңде ҚХР Мемлекеттік кеңесінде мемлекеттік ұлт істері комитетінің бастығы Яң Жиң мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың «Халық» газетіне сілтеме жасап.
Қытайдың 60 жылдан бергі ұлт саясаты мен ұлттық қызметінің табыстарын таныстырған Қытай ұлт істері комитетінің бастығы Яң Жиң Қытай бұдан былай да аз ұлттарға қолдау көрсетуді арттыра түсіп, аз ұлттар қоныстанған аумақтардың экономикалық, қоғамдық дамуын сүйемелдейтіндігін білдірді. «Шыңжаңды қамтыған ұлттық аумақтардың бәрінде мемлекеттің жалпы ұлттық саясаты өзгермейді, тек уақыттың өтуі мен жағдайдың өзгерісіне ілесе бұрынғы негізде кемелдене түседі» - дейді Яң Жиң.