Қытайдың билік өкілдері азық-түлік қауіпсіздігі саласына қатысты жасалған қылмыс үшін өлім жазасын кесуді талап етіп отыр
ЙЖІҢ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытайдың билік өкілдері азық-түлік қауіпсіздігі саласына қатысты жасалған ауыр қылмыс үшін жазалау шарасы ретінде өлім жазасын кесуді талап етіп отыр.
Қытай Мемлкеттік кеңесінің вице-премьері Ли Кэцян азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу және тағам өніміне қатысты жасалып жатқан қылмыстардың алдын алу үшін қатал жаза қолдану керектігін айтты.
Өткен жылдың наурыз айында азық-түлік саласына қатысты дау-дамай бойынша таратылған ақпаратқа қарағанда, химиялық жолмен қағынған шошқа етін сауда айналымында ұстағаны үшін 113 адам, оның ішінде 77 шенеунік жазаға тартылған.