Қытайдың ең бай адамы әмбебап дүкендер желісін ашпақ

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен жылы Forbes журналы дәулетін 8 миллиард долларға бағалаған Қытайдың ең бай адамы Цзун Цинхоу өз бизнесін кеңейтіп, әмбебап дүкендер желісін ашпақ. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Қытайдың ең бай адамы әмбебап дүкендер желісін ашпақ

Цзун Цинхоудың айтуынша, ол қазір жергілікті өкімет орындарымен әмбебап дүкендерге жер телімдерін бөлу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Кәсіпкер жаңа сауда орындарының саны жүзден кем болмайды деп санайды.

Миллиардер алкогольсіз сусындар шығаратын Қытайдағы үшінші Hangzhou Wahaha Group Co. компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы. Компания 1987 жылы ашылған, ал 1996 жылы Danone корпорациясымен бірге бірлескен кәсіпорын құрды.

2011 жылы Hangzhou Wahaha Group компаниясының сату көлемі 27 пайызға артып, 70 миллиард юаньді (10,7 млрд. долларға жуық) құрамақ. Әмбебап дүкендер желісін ашу бұл көрсеткішті жүз миллиард юаньға дейін жеткізетін болады.