Қытайдың ескі көлік нарығы коронавирусқа байланысты құлдырады

Қауымдастықтың мәліметінше, Қытайда пайдаланылған автомобильдердің сатылымы наурыз айында 16%-ға, 1,32 миллион көлікке дейін төмендеді. Жасалған мәмілелер құны 14,24 млрд долларды құрады.
Өткен айда бірқатар дилерлер өз қызметін тоқтатты. Қытайлық автомобиль дилерлері қауымдастығы елдегі пайдаланылған автомобильдер нарығы коронавирус індетіне байланысты жақын арада аса жанданбайтынын атап өтті. Сәуір айында мәмілелер көлемі 10% - дан асады (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда) деп күтілуде.
Сонымен бірге, COVID-19 пандемиясына дейін қытайлық автодилерлер пайдаланылған автомобильдерді шетелге сату географиясын кеңейте бастағанын атап өткен жөн. Бұған Қытай билігінің 2019 жылы сатылған барлық автокөліктерге шығарындылардың қатаң стандарттарын енгізуі себеп болды.
Жергілікті БАҚ жазғандай, 2019 жылы қытайлық автодилерлер Камбоджа, Нигерия, Мьянма және Ресей сияқты елдерге пайдаланылған автомобильдерді экспорттай бастады. Қытайдың автокөлік дилерлері Африка елдерінде пайдаланылған көліктерді сатудың кең перспективаларын көреді.
Сонымен қатар, ірі қытайлық автокөлік өндірушілердің бірі BYD Co. Ltd. компаниясы наурызда өз бизнесін толығымен электр көліктеріне қайта бағыттап, қатты отынмен жүретін көліктердің өндірісін тоқтатты.
2021 жылы BYD Co. Ltd бірінші рет іштен жану қозғалтқыштары бар көліктерге қарағанда электр көліктерін көбірек сатты. Өткен жылы BYD электромобильдерін сату көлемі 200% - дан астам өсіммен 600 мың бірліктен асты.