Қытайдың Хэнань провинциясында құлаған көпірдің құрбандарының саны 50 адамға жетті
АСТАНА. Шілденің 28-сі. ҚазАқпарат - Қытайдың Хэнань провинциясында құлаған көпірдің құрбандарының саны 50 адамға жетті, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
«И» өзені арқылы тартылған көпір өткен сенбі күні тасқын судың салдарынан құлаған болатын. Оқиға кезінде көпірдің үстінде көп адам болған, олардың барлығы көзді-ашып жұмғанша су астында қалып қойған.
Іздеу-құтқару жұмыстарына 4 мыңнан астам адам жұмылдырылғанына қарамастан, қаза тапқандардың нақты санын анықтау ұзаққа созылып кетіп отыр.
Бүгінгі таңда 50 адамның денесі табылған. Олардың дені жақын маңдағы деревняның тұрғындары.