Қытайдың Хунань провинциясында су тасқыны салдарынан 110 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы күндері Шығыс, Орталық және Оңтүстік Қытайдың басым бөлігінде күшті нөсер жауды, жауын-шашын мөлшері, метеорологтардың айтуынша, бірқатар аудандарда нормадан 3-4 есеге асып түскен, деп жазады ТАСС.
Хунань провинциясында (Орталық Қытай), орталық қытай телевидениесі хабарлағандай, жауын-шашыннан орын алған су тасқыны салдарынан 110 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жексенбідегі деректерге сәйкес провинцияда 181 үй қирап, 92 елді мекенді су басқан. Синоптиктер жауын-шашын апта соңына дейін жалғасады деп болжауда.