Қытайдың ірі әуе тасымалдаушысы «Эрбас» концернінің 36 ұшағын сатып алатыны туралы мәлімдеді

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - «Оңтүстікқытай әуе желілері» Франциядағы «Эрбас» еуропа концернінен 36 ұшақ сатып алу туралы келісімге қол жеткізілгені туралы мәлімдеді,

Қытайдың ірі әуе тасымалдаушысы «Эрбас» концернінің 36 ұшағын сатып алатыны туралы мәлімдеді

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Олардың қатарында Қытайға 2012-2015 жылдары жеткізілуі тиіс 30 А-320 ұшағы мен А-330 6 әуе кемесі бар. Соңғыларды жеткізу мерзімі - 2013 жылдан 2014 жылға дейінгі аралық. Қытай компаниясы бұл туралы Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаоның Францияға сапары кезінде айтты. Алдын ала ақпарат бойынша, кездесу барысында екі елдің азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастығы талқыға салынады.

Қазан айының соңында Қытай ұшақ паркін 2015 жылдың аяғына дейін толықтай жаңартатыны туралы ресми мәлімдеген еді. Қазіргі күні мұнда жүк және жолаушылар тасымалдайтын 2,6 мың ұшақ бар. 12-ші бесжылдықтың (2011-2015 жылдар) аяғына дейін ұшақтар саны 4,8-5 мың бірлікке дейін көбейтіледі.